Ақтауда мыңға жуық студент тазалық акциясына қатысты
Ақтауда жастарға арналған саябақта сенбілік шарасы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Оған мыңға жуық студент қатысты. Олар аумақты қоқыстан тазалап, көгалдандырды.
Былтыр ашылған демалыс орнында қазір 4 мың ағаш өсіп тұр. Енді жасыл желек қоры 150 тал көшетімен толықты. Кезекті тазалық шарасы қала жағажайында өткізіледі.
Ділназ Атажан, студент:
- Кез келген жас буын ең алдымен осындай қоқысты элементарно үйден сұрыптап бастау керек деп ойлаймын. Пластикті бөлек, макулатураны бөлек және де органикалық қалдықтарды бөлек-бөлек жинауымыз керек. Солай арқылы біз тіпті полигондарды да азайта аламыз. Осы арқылы біз өзіміздің кішкене болсын табиғатымызды, өзіміздің экологиямызды таза ұстай аламыз.