ШҚО-да заңсыз 224 қоқыс үйіндісі жойылды
Заңсыз қоқыс үйінділеріне әкімшілік айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды 24kz.
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына жалпы сомасы 87 млн теңге айыппұл салынды. Қазір қаланың айналасы қатты тұрмыстық қалдықтарға толып кеткен. Жыл басынан бері полиция қызметі табиғатты қорғау бойынша 13 мыңнан астам заңбұзушылықты анықтады. Олардың дені қоқыстарды арнайы полигондарға төкпей, тұрғын үй аулалары мен ойын алаңдарына үйіп қойған. Қазір тиісті қалдықтар жиналып жатыр. Жалпы осы уақытқа дейін коммуналдық қызметтердің күшімен 224 қоқыс үйіндісі жойылды.
Әсет Қизатов, облыстық полиция департаментінің аға инспекторы:
- Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» акциясына байланысты полиция департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен үлкен жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде 16 мобильді топ құрылған және 13 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталып, 87 млн теңгеден астам айыппұл салынып отыр.