Елдегі өзен-көлдерге 16 млрд текше метрге жуық қар суы жіберілді
Қазақстанның сағалары мен көлдеріне 16 млрд текше метрге жуық еріген қар суы жіберілді.
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады. Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, қазір Алматы және Жетісу облыстарындағы су қоймалары 99%-ға толды. Бұл былтырғы деңгеймен шамалас. Жамбыл облысындағы су қоймалары 90%-ға толды. Жыл басынан бері Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Осылайша бір жылда Балқаш көлінің деңгейі 12 сантиметрге өскен. Сонымен қатар халықаралық келісімдер нәтижесінде Түркістан облысындағы Шардара су қоймасына Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су бағытталатын болды. Вегетациялық кезеңнің шарықтау шегінде Қазақстанға 491 млн текше метр су жеткізіледі деп күтілуде. Бұл мәселені жақын арада Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның су шаруашылығы мекемелері «Бахри Точик» су қоймасынан тамыз айына дейін суды бөлу мәселесін талқылайды.