Қарағанды еріктілері жағалауды қоқыстан тазалады

Қарағандылық еріктілер «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Федоров су қоймасының жағалауын қоқыстан тазалады, деп хабарлайды 24KZ. Мұнда адамдар суға түсуге жиі келеді. 100-ге жуық ерікті бірнеше командаға бөлініп, плоггинг-жүгіру ұйымдастырды. Жүгіру кезінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинап алды. Жалпы белсенді жастар жыл басынан бері 100-ге жуық экологиялық акция өткізді.

Науан Мақашов, волонтёр:

- «Таза Қазақстан» акциясына атсалысып жүрміз. Көктем басталғалы көптеген іс-шараға қатыстық. Акцияны қолдап, сенбіліктерге қатысуға шақырамын.