«Таза Қазақстан»: Қонаевта саяжай аумағы қоқыстан тазартылды

Қонаевта жергілікті мәслихат депутаттары мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері сенбілік ұйымдастырды, деп хабарлайды 24kz.

«Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында өткен «Таза бейсенбі» акциясына 50 адам қатысты. Олар саяжай массивіндегі 6 шақырым жол жиегін қоқыстан тазартты. «Таза бейсенбі» тазалық шарасы биылдыққа 17-ші рет ұйымдастырылды. «Біздің мақсатымыз – қала тұрғындарын тазалық мәдениетін қалыптастыруға шақырып, қоршаған ортаны қорғауға, көшелерді таза ұстауға үндеу», - дейді акцияға қатысушылар.

Аслан Көбентаев, «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:

- Сондай-ақ қосымша тазалық жұмыстарын жүргізуді және де коммуналдық қызметтерге қосымша көмек көрсетуді мақсат етіп біз осындай акцияларға жиі шығып тұрамыз. Бүгін біз Қонаев қаласындағы 4-ші саяжайда тазалық жұмыстарын жүргізудеміз. Келесі аптада біз Қонаев қаласы бойынша «Қарлығаш» ықшам ауданын тазалау жұмыстарын жүргізуді жоспарлаудамыз.