Өскеменде титан-магний комбинатының аумағын түтін басты
Өскеменде титан-магний комбинатының аумағын кеше кеште қою түтін басты, деп хабарлайды 24kz.
Болған жайтты Новая Согра ауылының тұрғындары бейнетаспаға түсіріп алған. Қазір зауыт аумағында мобильді топтар жұмыс істеп жатыр. Экологтар зиянды заттардың шекті мөлшерден аспағанын айтады. Дегенмен Согра ауданына жақын орналасқан мектеп оқушылары қауіпсіздік мақсатында қашықтан оқуға көшірілген. Компания өкілдерінің мәліметінше, кеше зауытта хлорлау қондырғысының конденсациялық жүйелеріне жоспардан тыс тексеру жүргізіліпті.
Елена Березинская-Әбілова, «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының басшысы:
- Арнайы штаб құрылып, жағдай Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бақылауына алынды. Облыстық экология департаменті сынама алу жұмыстары жүргізді. Қала әкімдігінің шешімімен мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.