Тянь-Шань аюы камераға түсіп қалды
Біздің елде омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Оның 178 түрі сүтқоректі, 55-ге жуығы құс, 49-ы бауырымен жорғалаушылар. Қосмекенділер 12 және балықтың 104 түрі бар.
Ең бастысы табиғаттың тепе-теңдігін сақтау үшін жан-жанауралар қамқорлыққа алынған. 40 шақты аң-құс Қазақстаннның Қызыл кітабына енген. Солардың бірі Тянь-Шань қоңыр аюы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында камераға түсіп қалды. Екі маймақ тау-тасты емін-еркін аралап жүр. Азық іздеп жүргенге ұқсайды. Мамандардың айтуынша, кейінгі жылдары ұлттық парк аумағында аюлар саны тұрақты түрде өсіп келеді. Алда-жалда осы аймақта сейіл құра қалсаңыз, сіз де бұл аңдарды кездестіріп қалуыңыз әбден мүмкін. Ондайда аса сақ болған жөн. Өйткені бұл жыртқыш аң.