Түркістан облысында чемпиондар тазалық шарасына қатысты

Түркістандық чемпиондар тазалық шарасына атсалысты.

Спорттың армрестлинг түріне ден қойған 60 спортшы Шардара су қоймасының жағалауын қоқыстан тазалады. Енді олар апта сайын сенбілік ұйымдастырып, осы аумақты таза күйінде ұстап тұрады. Шараға чемпиондардан өзге жүзге жуық адам қатысты. Екі тоннаға жуық тұрмыстық және пластик құтыларды арнайы полигонға шығарды.

Талғат Ақтаев, армрестлингтен әлемнің екі дүркін чемпионы:

- «Таза Қазақстан» акциясына Шардара спорт клубының спортшылары болып белсенді қатысудамыз. Қазіргі таңда су айдындарын талап жатырмыз. Осындай сенбілікке Шардара ауданының тұрғындарын, барша спортшыларды атсалысуға шақырамыз. 

Сәбит Лаханов, «Өскен өңір» газетінің бас редакторы:

- Қоршаған ортаны, табиғатымызды таза ұстау, экологиялық белсенділікті, мәдениетті қалыптастыру, осы орайда шардаралықтар аталған акцияға белсенді түрде атсалыса деп сеніммен айта аламын.