Қарағандылықтар пластик бөтелкені балмұздаққа айырбастады

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай қарағандылықтар пластик бөтелкені балмұздаққа айырбастады, деп хабарлайды 24kz.

Әр бес пластик бөтелкеге бір балмұздақтан беріліп, ұтыс билеттері ойнатылды. Бүған қоса, табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары өзге де экологиялық шаралар ұйымдастырды. Мысалы саябақтың орталық алаңына табиғат кереметтері бейнеленген картиналар көрмесі қойылды. Сонымен бірге энергия үнемдеу, қоқысты сұрыптап жинауға қатысты ақпараттар қамтылған стендтер де бар. Ал арнайы тігілген шатырларда баламалы энергия көздерін пайдалану бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Бұл күні кішкентай балалақайлар сурет байқауына қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Мира Махатчина, «Қарағанды су қоймалары» КМК басшысы:

- Экологиямыздың жақсаруына қоғам болып кірісуіміз керек. Қоғамдық түрде табиғатты жақсарту, жаңғырту, қорғау мәселесі бұл. Мына біз көріп отырған үлкен шара соның бір куәсі. Егер әр адам таза ауа жұтып, таза су ішіп, жасыл желекте демалам десе, осы оның міндеті.