Тараз жастары шағынауданды қоқыстан тазартты

Тараздағы облыстық жастар орталығының еріктілері Мыңбұлақ шағынауданын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды 24KZ. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен шараға 50-ге жуық жас қатысты. Олар аудан аумағын қураған шөптен арылтып, тұрмыстық қалдықты шығарды. Тазалық шарасы Байзақ, Қордай, Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарында да өтті.

Жалпы жыл басынан бері 803 шақырым канал мен арық жүйесі, 79 мың тұрғын үй ауласы мен 2,7 мың шақырым көше бойы тазартылды. 286 мыңға жуық ағаш егіліп, 641 мың шаршы метр саябақ пен сквер аумағы ретке келтірілді.

Медеу Мырзатай, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары:

- Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 8 мәрте өтті және 7 экотурнир өткізілді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бұл айналаны тазалау ғана емес, ол қоғамдағы экологиялық мәдениетті көтеру болып табылады.