Жетісу облысында 20 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды

Жетісу облысында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24KZ. Оған Көксу ауданындағы партия өкілдері, мәслихат депутаттары мен «Жасыл ел» жасағының жастары қатысты.

50 шақты адам Мұсабек Сеңгірбаев атындағы саябақты тазалады. Одан кейін Балпық би ауылы бойынша бекітіліп берілген аумақты ретке келтірді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған шара нәтижесінде 20 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналды.

Мәлік Аманбайұлы, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы:

- Орталық парктің жоғарғы жағынан 15 кубтай қоқыс шығарылып жатыр. Оның барлығы өзіміздің қатты қалдықтар орналасқан жерге апарып төгіліп, жойылып жатыр. Қай жерде болмасын, ел болып жұмыс істесек, оның нәтижесі болады.