«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына 2 млн-ға жуық адам қатысты

Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы басталғалы оған 2 млн-ға жуық адам қатысқан, деп хабарлайды 24kz.

Нәтижесінде 735 мың гектар аумақ тазартылып, одан 189 мың тонна қоқыс жиналды. Бұған қоса, көптің көмегімен 2 млн-нан астам ағаш отырғызылды. Ізгілікке үндейтін ауқымды акцияның аясы мұнымен шектелмейді. Қоқыстарды дұрыс сұрыптап, қайта кәдеге жарату, полигондар мәселесіне назару аудару да осы «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының бір тармағы. Бүгін Үкімет отырысында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспар пысықталды.