Таза Қазақстан: 189 мың тонна қоқыс жиналды

Биыл жыл басынан бері "Таза Қазақстан" экологиялық науқаны шеңберінде бүкіл ел бойынша 573 іс-шара өткізілген.

Жалпы 189 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, 735 мың гектарға жуық аумақ тазартылды. 2 млн-нан астам ағаш егілді. Акцияға қатысушылардың саны 2 млн-нан асты, оның ішінде 156 мыңы - волонтёрлер. Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұсынған деректер осындай.