Шүлбі су қоймасының аумағы тазартылды

Шүлбі кентінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында су қоймаларының аумағы қоқыстан тазартылды.

«Таза жағалау» акциясына белсенді жастар, аудан тұрғындары мен түрлі мекеме, ұйым өкілдерінен құралған 70-тен астам адам қатысты. Дәл осындай шара өңірдегі үш ауданда бір уақытта ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Абай облысында 40 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Қазір өңір тұрғындары апта сайын сенбілікке шығып, қоғамдық орындарды тазартуда. Экологиялық акцияға бүгінге дейін 200 мыңнан астам адам үлес қосқан.

Олжас Бейсембаев, жастар мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы:

- Мінеки халық жиі жиналатын осы судың жағасында арнайы келіп өткізіп отырмыз. Осы шараны өткізу арқылы бір реттік шара емес, халықтың арасында экологиялық мәдениетті , этиканы қалыптатыру мақсатында келіп отырмыз. Сондықтан жастардың өзі де табиғат аясына шығу арқылы, тазалық шарасы арқылы қоғамға деген өзінің үлесін сезініп отыр деп ойлаймыз.