Жетісу облысында 25 ойын алаңы абаттандырылды
Жетісу облысында биыл 25 ойын алаңы абаттандырылып, 70 шақты ескерткіш жөнделді.
Мәдени тынығу орындары «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалпына келтірілді. Экологиялық акцияға жергілікті тұрғындар да белсенді атсалысып келеді. Мысалы, жыл басынан бері 96 мыңнан аса адам тазалық жұмыстарына қатысқан. Арнайы ашылған телеграм каналына 400-ден астам өтініш түсіп, белгіленген аумақтар тазаланды, дейді сала мамандары.
Азамат Қанайбекұлы, облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:
- Бағдарлама аясында 54 мыңнан атам ағаш көшетері отырғызылды. 6200 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстар жалғасып жатыр.