Футболдан әлем чемпионатының климатқа тигізер залалы көп – экологтар

Келер жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының қоршаған ортаға тигізер залалы көп.

The Independent басылымы осындай мақала жариялады. Онда эколог мамандардың бірқатар зерттеуі ұсынылған. Доп додасында ауаға тарайтын зиянды бөлшектердің мөлшері 1 жыл ішінде 6,5 миллион жеңіл көліктен шығатын көмірқышқыл газына тең екен. Чемпионат матчтарының саны 100-ден асады. Қатысушы командалар саны 32-ден 48-ге дейін көбейді. Сарапшылар қоршаған ортаға келер залалды ұшақ сапарларының, көлік қозғалысының көбейетінімен байланыстырады.