Қарағанды облысында еріктілер жағажайды ретке келтірді

Қарағанды облысының Топар кентінде жағажайда шашылған мың жарым тонна қоқыс жиналды, деп хабарлайды 24KZ. Шерубай-Нұра су қоймасының маңында өткен тазалық акциясына 50-ге жуық ерікті атсалысты. Мұнда қоқыс тастайтын арнайы орындар болғанымен, демалушылардың бәрі бірдей тәртіпке бағынбайды. Осыған байланысты жағажайда тазалық шарасы жиі өтіп тұрады.

Жалпы биыл Абай ауданы бойынша 300 гектар аумақ қоқыстан тазаланып, рұқсат етілмеген жерге төгілген 100-ге жуық қоқыс үйіндісі жойылды.

Темірлан Кәкенов, «Жастар Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Қоршаған ортаның тазалығы – денсаулықтың кепілі. Жағажайға келген әрбір адам өзімен бірге қап ала келгені жөн. Әрқайсысымыз маңайды таза ұстасақ, өзімізге жақсы емес пе?!