Шымкентте Қошқар ата өзенінің табаны тазартылды
Шымкентте бұлақ көздерінен бастау алатын Қошқар ата өзенінің табаны тазартылды, деп хабарлайды 24KZ. «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы кезінде су түбіндегі қоқыс шығарылды.
Эконауқанға партия өкілдері, «Жастар рухы» ұйымының еріктілері және коммуналдық сала жұмысшылары атсалысты. Олар суды балдыр мен арамшөптен де арылтты.
Жалпы өңірде халықаралық «балықшылар күніне» орай басқа да өзен- көлдердің аумағын санитарлық тазалау жүріп жатыр.
Ердәулет Жүнісбек, «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
- Сенбіліктерге шығып, тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, тұрғындардың, жастардың экологтармен кездесулерін де ұйымдастырамыз. Экологиялық ағарту мақсатында идеологиялық бағытта кешенді жұмыстар жүргізіп келеміз.