Саран қаласында 35 мың тонна қалдық арнайы аумаққа төгілді
Саран қаласының еріктілері мен «Жасыл ел» еңбек жасағы су қоймасының жағалауын қоқыстан тазалады, деп хабарлайды 24kz.
Экологиялық шараға 70 адам қатысты. Жалпы шағын қалада «Таза Қазақстан» республикалық акциясына осы күнге дейін коммуналдық ұйымдармен қатар 5 мыңнан астам адам үлес қосты. 35 мың тонна қалдық арнайы аумаққа төгілді. Көгалдандыру жұмыстары да қарқынды. Биыл көшелерге 5 мыңдай түп көшет егіліп, тарихи-мәдени ескерктіштер маңы ретке келтірілді.
Мұхаммед Жексембаев, ерікті:
- «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өз туған қаламыздың тазалығына орай үлесімізді қосып жатырмыз. Біз үшін мұндай игі істер еңбекпен шыңдалу ғана емес, өмірлік тәрбие мектебі. Қаламыздың көркейуі әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деп есептеймін. Осы арқылы біз өзіміздің мәдениетімізді қалыптастырамыз.