Балқаш жағалауы қоқыстан тазартылды

Жетісу облысында Балқаш көлінің жағалауы қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды 24KZ. «Еco-Balqash» экологиялық акциясына «Жасыл ел» жастар ұйымы, еңбек жасақтары мен эковолонтерлер қатысты. Жағалауға апаратын жолдың бойына «Start Point» және «Finish Point» деп аталған екі бақылау бекеті орнатылды.

Табиғат аясында демалуға келгендерге қолғап пен қоқыс салатын қапшықтар таратылды. Акцияға атсалысқан 200-ден астам адам сол айналадағы қоқысты  жинап, бекетке тапсырды. Белсенді қатысушыларға естелік сыйлық табыс етілді.

Арнай Байжүрінов, «Jetisy Jastary» КММ басшысының орынбасары:

- Шараның мақсаты – демалушылар, жолаушылардың экологиялық мәдениетін, арттыру. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясын тарату, танымал ету. Енді өзіміздің қоршаған ортамызды, айналамызды, жүрген жерімізді таза ұстауға итермелейтін акциялардың бірі.