Атыраудың «Ақжайық» резерваты аумағында құс қырылды

Атыраудағы «Ақжайық» табиғи резерватының аумағындағы Шалыға аралында құс қырылып жатыр.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары 3 күн бұрын резерват аумағында тексеру жүргізіп, 253 құстың өлексесін тапты. Көбі қылаң қарабас шағала мен өгіз шағаланың балапандары. Алдын ала болжам бойынша құстың қырылуына  табиғи фактор әсер еткен. Балапандардың өздігінен азықтана алмай немесе туа бітті аурудан өлуі мүмкін. Сондай-ақ басқа құстардың шабуылынан да қырылатын кездер болады, дейді мамандар. Сынама алынып, зертханаға жіберілген. 2022 жылы құс тұмауынан резерват аумағында 3 мың құс өлген еді.

Назерке Махметова, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» ММ Ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы:

- Сынама алынды құстардан. Яғни үш шағала құсын қазіргі уақытта Астана қаласына экспертизаға, яғни сынамаға жіберілді. Құстың қандай себептермен өлгені жөнінде сынаманың қорытындысы шыққаннан кейін баяндайтын боламыз.