Қатон-Қарағай ұлттық паркіне кіруге уақытша шектеу қойылды
Қатон-Қарағай ұлттық паркіне туристердің кіруіне уақытша шектеу қойылды.
Орманды жерлерде серуендеуге болмайды. Өңірде қазір аптап ыстық. Одан бөлек тау бөктерінде найзағай ойнап, 5-санатты өрт қаупі жарияланды. Сондықтан табиғат қорғаушылар сақтық шараларын күшейтті. Сәуірден бері облыста 19 орман өрті тіркелген. Барлығы да дер кезінде сөндірілді дейді мамандар. Жалпы жасыл желекті тілсіз жаудан сақтау мақсатында 52 мобильді топ жұмылдырылды.
Қайрат Мейрембеков, ШҚО аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы:
- Күштер мен құрылымдар дайындыққа келтірілді. Халықты хабардар ету күшейтілді. Мемлекеттік орман қоры аумағында тәулік бойы патрульдерін ұйымдастыру күшейтілді. Өрт қауіпсіздігі жоғары 4-5 санаттағы ормандарда және табиғатты қорғау мекемелерінде тәулік бойы кезекшілік белгіленді.