Ақтөбеде орманшылар «Жасыл ел» сарбаздарына көшет отырғызуды үйретті
Ақтөбеде «Жасыл ел» сарбаздары көшет егіп, оны баптап өсіруді үйренді, деп хабарлайды 24kz.
Қаладағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің тәлімбағында жастарға арналған шеберлік сағатты өтті. Тәжірибелі орманшылар ағаш пен бұтаны дұрыс кесу, суару, зиянкестермен күресу әдістерін үйретті. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру. Сонымен қатар елді мекендердің төңірегінде жасыл белдеулерді көбейту.
Шәке Бұханов, облыстық орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің инженері:
- Өсімдіктердің өзінің стандартқа белгіленген жылдары бар. Мына ағаштарды дайындап жатқан себебіміз – мына отырғызылған ағаштар қазір бір жылдық ағаштар. Мұның тамырларына күтім жасау, оны баптау, сол ағаштарды бұйырса күзде отырғызамыз өзіміздің белгіленген жоспарға сәйкес.