Женевада пластик мәселесі талқыланып жатыр
Женевада Біріккен ұлттар ұйымы қауіпті пластик қалдықтар мәселесін шешу бойынша келіссөз өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Оған 177 елдің делегациясы келді. Бұл – 2022 жылдан бергі кездесулердің бесінші кезеңі. Ұйымға мүше мемлекеттер екі жыл ішінде пластикалық ластануды, теңіздегі дағдарысты тоқтатуға көмектесетін заңды күші бар шарт әзірлеуге келісті. Алайда, былтыр желтоқсанда Пусанда өткен конференция еш нәтиже бермеді. Енді тараптар осы жолы келісімге келуге ниетті. Құжат 22 беттен тұрады, онда пластик айналымының жабық циклін құру және оның қоршаған ортаға енуіне жол бермеу туралы тақырыптар жазылған. Қазір әлемде жыл сайын 400 миллион тоннадан астам пластик өндіріледі. Оның тек 10%-і қайта өңделеді. БҰҰ-ның болжамы бойынша 2060 жылға қарай пластик қалдықтар көлемі үш есе артуы мүмкін.