«Таза бейсенбі» акциясы аясында 160 мың тонна қоқыс жиналды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы барлық өңірде жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Абай облысы Жарма ауданында 2,5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданында жастар мен еріктілер ардагердің ауласын ретке келтірді. Ал Алматыда «Таза бейсенбі» экологиялық іс шарасы Есентай өзенінің маңында ұйымдастырылды. Қатысушылар тұрмыстық қалдықтар мен сынған бұтақтарды жинап шықты. Оған «Amanat» партиясының мүшелері де белсенді араласты.
«Таза бейсенбі» акциясы басталғалы бері елімізде 1000-нан астам ластанған аумақ жиналды. Өзен-көлдердің жағасы қоқыстан тазартылды. 100-ден аса су айдыны қамтылды. Жалпы экоакцияға 90 мыңға жуық адам қатысып, 160 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.
Тоғжан Есбергенова, №2 қалалық емхана директоры:
- Есентай өзенінің бойына келіп, осы жерді тазалап жатырмыз. Әр сенбі, бейсенбі күндері бізде «Таза Қазақстан» аясындағы акцияны қолдап, әрқашан сенбіліккке шығып отырмыз. Әлі де бір тазалаққа жете алмай отырмыз. Сол үшін осы акция асында барша қазақстандықтарды осы акцияны қолдауға шақырамын.