Ақтөбеде жастар су қоймасының маңын қоқыстан тазартты
Ақтөбе облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтөбе су қоймасының маңын күл-қоқыстан тазартты.
Олар өзара 7 топқа бөлініп, шараны жарыс түрінде ұйымдастырды. Яғни бір сағаттың ішінде көп қоқыс жинаған команда арнайы марапатқа ие болды. Осындай экоакциялар барлық ауданда өтті.
Сұлу Даниярқызы, қала тұрғыны:
- Ақтөбе халқына осы Ақтөбемізді тазалап, сақтап, экологиямызды жақсартып ұстауға айтамыз. Яғни осы қалада тұрып жатқаннан кейін өзіміздің экологиямызды сақтау керек.