Жаһандық жылынудың негізгі үш факторы қандай?
Жаһандық климаттың өзгеруі. Тақырып күн тәртібінен түспей тұр. Өйткені «Үкіметаралық сарапшылар тобының» (IPCC) баяндамаларына сүйенсек, жаһандық жылынудың 3 басты себебі бар.
Бірінші орында көмір, мұнай және газ сынды қазбалы отынды жағу. Дүниежүзіндегі парниктік газдардың шамамен екіден үш бөлігі осыдан пайда болады. Екінші мәселе – ормандардың жойылуы мен жерді пайдалану тәсілдерінің өзгеруі. Ормандар жоғалғанда Жер өзінің басты көмірқышқыл газының «сүзгісінен» айырылады. Ал оның орнына миллиондаған тонна көміртек атмосфераға тарайды. Үшінші себеп – метан және басқа да қуатты парниктік газдар. Метан мал шаруашылығында, қоқыс полигондарында және отын өндіру барысында бөлінеді. Ол көмірқышқыл газынан әлдеқайда күшті әсер етеді. Қазір әлем бойынша ауадағы зиянды қалдықтардың төрттен бірі осы метанға тиесілі.