Өскеменде көмір күлін қайта өңдейтін зауыт салынады

Бұл жоба өңірге қаржы тартып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды 24kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында инвестиция тартуға әр өңір басымдық беруі қажеттігін айтты. Бұл тұрғыда: «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақтардың экономикалық өсімін арттыратын қозғаушы күш болуға тиіс», - деді. Шығыс Қазақстан облысында бұл бағытта тағы басқа қандай жобалар бар?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Өскеменде тұрғын үй құрылысы – басым бағыттардың бірі. Соңғы жылдары қала дамып, бірнеше шағын аудан салынды. Биылғы маусым облыс орталығында 300 мың шаршы метр үй пайдалануға беріледі. Алайда өңірде кейбір құрылыс материалдары жоқтың қасы. Енді бұл жұмысты жергілікті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қолға алмақ. Олар инвестормен бірге осындай жобаларды жүзеге асырады.

Инабат Қайсанова, «Ертіс» ӘКК ресми өкілі:

- Сол Президент осы Жолдауда айтып өткен барлық талаптар, бағыттар, жаңағы корпорацияның күшін өңір үшін күшейту керек, арттыру керек деген дүниенің барлығы бізде, қуанышқа орай, атқарылып келеді. Яғни, проактивті жұмыс жасау, алдын ала сараптап, зерделеп, яғни, осыдан 5 жыл алға қарай бізге қандай жоба қажет болуы мүмкін, иә, өңір қандай жобаны талап етуі мүмкін.

Тағы бір тың жоба – индустриалды аймақта халықаралық талаптарға сай келетін фармацевтикалық хаб құрылды. Бұл емдеу мекемелері мен дәріханаларды дәрі-дәрмекпен дер кезінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жақсылық Омар, облыс әкімінің орынбасары:

- Бұл, әрине, науқастар үшін, тұрғындар үшін өте қолайлы жасалған жағдай және екіншіден, бұл жерде 100-ден астам біздің азаматтарымыз жұмыспен қамтылатын болады, үшіншіден, бұл біздің қаламызға, өңірімізге құйылып жатқан жекеменшік инвестиция.

Өңір шаруалары өз өнімін делдалсыз сату үшін көтерме-тарату орталығы салынды. Ал, Серебрянск қаласында суару жабдықтарын шығаратын зауыт ашылды. Корпорация әлеуметік мәселелерге де бей-жай қарамайды. Олардың көмегімен үлескерлердің аяқталмай қалған үйлері тапсырылды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Әнел Есенбердина, Жігер Бабақанов