СҚО-да экология тақырыбына арналған фильм түсірілді
Солтүстік Қазақстан облысында экология тақырыбына арналған фильм түсірілді, деп хабарлайды 24kz.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жарық көрген туындыны колледж студенттері тамашалады. Жастардың айтуынша, туынды көпшілікке ой салады. Қоршаған ортаны қорғауға үндейді. Жалпы «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы өңірде 1200 іс-шара өткен. Әр апта сайын сенбілік ұйымдастырылып, қоқыс жиналып, қала мен ауылдар абаттандырылды. Облыс аумағында 90 мың түп ағаш егілді. Одан бөлек, зияткерлік ойындар өтіп, тазалық мәдениеті барынша насихатталды.
Оксана Гончаренко, Қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:
- Кино арқылы жастар айналада болып жатқан экологиялық мәселелерге қанық болады. Оның ішінде жан-жануарлардың азаюы, өзен-көлдердің ластануы бар. Бұның бәрі бәрі саналы адамға ой салады. Сондықтан осы жолы жастарға осындай шара ұйымдастырдық.