Астананың Сарыарқа ауданында экошара өткізілді

«Таза бейсенбі» акциясы барлық аймақта жалғасып жатыр.

Бүгін бас қалада AMANAT партиясының белсенділері Сарыарқа ауданында тазалық шарасын өткізді. Олар Міржақып Дулатов атындағы №68 мектеп-гимназиясының аумағын тазалап, айналаны ретке келтірді. Экологиялық сағатқа мектеп оқушылары, ұстаздар қауымы мен ата-аналар қатысты. Шара мақсаты - қоршаған ортаны қорғауды өскелең ұрпақ санасына сіңіру.

Ботагөз Қасенова, қала тұрғыны:

- М.Дулатов атындағы мектеп-гимназиясының ата-аналары мен мұғалімдері, оқушылары бірігіп акцияға қатысудамыз. Басқаларға үлгі көрсетіп Қазақстанның экологиясын, маңыздылығын көрсетіп, сол салада жұмыс істеп жатырмыз. Еліміздің таза болуына әрбір тұрғын атсалысуға міндетті деп ойлаймын.