«Таза Қазақстан»: сенаторлар сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында сенаторлар сенбілікке шықты.
Олар Бейбітшілік және келісім саябағын абаттандыруға атсалысып, 100-ден астам ағаш отырғызды. Жиында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйлеп, мемлекет басшысының бастамасымен елде тазалықты дәріптеуге, қоршаған ортаны қорғауға, экологияға жанашырлықпен қарауға үлкен көңіл бөлінгенін айтты. Депутаттармен қатар бастамаға діни бірлестіктер өкілдері, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының қызметкерлері, Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен Талдау мектебінің түлектерінен құралған 200 астам адам қатысты.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Таза Қазақстан атты жалпыұлттық акция басқа мемлекеттерге де үлгі болып жатыр деп айтсақ болады. Мұны бастаған біздің президентіміздің негізгі мақсаты шыныда да елдің бүткіл әлемнің таза болуы, көгеріп жатуы, елде қазіргі уақытта экологияның, геосаяси жағдайдың бұзылған уақытында осындай акциялар біздің халқымыздың денсаулығы үшін, жастарымыз үшін өте маңызды.