Ақтауда шағын ауданнан 30 тонна қоқыс шығарылды

Ақтаудағы "Оймаша" тұрғын үй алабынан 30 тонна қоқыс полигонға шығарылды.

Тазалық шарасына сексеннен астам адам мен 4 арнайы техника жұмылдырылды. Коммуналдық мекеме жұмысшылары мен тұрғындар заңсыз үйілген қоқыстарды тазартты. Жауаптылардың айтуынша, қаланың өндірістік аймағында заңсыз полигон көбейіп кеткен. Сондықтан, көшелерге бейнебақылау камералары орнатылды. Қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастаған бірнеше тұрғынға айыппұл салынды. Жалпы облыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр.

Жантілек Асхатов, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Полиция қызметкерлерімен тиісті жұмыстарды атқардық. Көптеген әкімшілік хаттама толтырылды және оны әлеуметтік желілерге көрсетіп шығарылды. Мұнайлы ауданы Баянды ауылының маңында полигон орналасқан. Негізінде тұрмыстық қатты қалдықтар және құрылыс материалдары сол жерге төгілуі тиіс.