Жетісу облысында экологиялық мәдениетті дәріптейтін іс-шаралар өтті
Жетісу облысында Наурызнама онкүндігі шеңберінде ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және экологиялық мәдениетті насихаттайтын бірқатар іс-шара ұйымдастырылды.
Көксу ауданына қарасты Мұқаншы ауылдық округінде өткен мерекелік керуенде тұрғындар түйе мен жылқы мініп, көшпелі өмір салтын көпшілікке таныстырды. Жергілікті өнерпаздар халық әндерін орындап, ұлттық мәдениетіміздің көркем үлгісін паш етті. 200-ден астам адам қатысқан шерудің соңы мерекелік концертке ұласты. Ал Талдықорғанда жастар «Таза Қазақстан» акциясын өткізді. Арнайы техникамен қала көшелерін аралаған белсенділер тұрғындардан тұрмыстық қалдықтарды қабылдап, экология мәселесіне қоғам назарын аударды.
Арнай Байжұрынов, «Жетісу жастары» ММ директорының орынбасары:
- Жалпы университет, колледждерден 200-ден аса белсенділер қатысып жатыр. Мұндай шара жастарды қоршаған ортаны таза ұстауға, экологияны насихаттайды деп ойлаймыз.