Елдің экологиялық қауіпсіздігі конституциялық деңгейде бекітілген
Табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау енді тек азаматтық ұстаным емес, конституциялық құндылыққа айналды.
Алғаш рет елдің экологиялық қауіпсіздігі конституциялық деңгейде бекітіледі. Сондықтар кәсіпорындар талаптарды сақтауға міндеттеледі. Егер компания осы ережелерді бұзса, азаматтар экологиялық жағдайды, сот арқылы жақсартуды талап етуге құқылы. Жауапкершілік кәсіпорын басшыларынан бастап жергілікті атқарушы органдарға дейін қолданылады.
Азамат Аяйбергенов, Қазақстандық экологиялық инновациялар және өнеркәсіптік саясат қауымдастығының төрағасы:
- Жаңа Ата заңға енгізілген экологияға қатысты бастамалар уақыт талабынан туындап отыр. Осы арқылы мемлекет қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді. Экологиялық қауіпсіздіктің конституциялық негізі құрылды. Енді ең бастысы, Құрылтайға тиісті заңдарды жазатын кәсіби мамандар келіп жеткізе алса, қоғам осы өзгерістердің барлығын конституциялық тұрғыдан сезіне алады.