Су тапшылығы: ортақ мәселе, ортақ міндет

Су буға айналмасын десек, құр улап-шулағаннан пайда жоқ. Бұл - популистердің ісі. Ал экологиялық саммит салқынқандылықпен шешім қабылдауға шақырады.

Себебі жиынға көлденең көк атты келмеген. Сонымен сарапшылар 80-ге жуық елде ауызсу жетіспеушілігі барын айтты. Жығылғанға жұдырық демекші жаһанды жылыну жайлап барады. Әр мемлекеттің экономикасы суға байланған. Сондықтан арада байыпты кесім, байламды шешім керек. Осы ретте ең алдымен трансшекаралық өзендер бассейніндегі суды тиімді пайдалану жүйесін жолға қою үшін көршілес мемлекеттермен ықпалдастыққа мән берген жөн. Сондай-ақ панельдік сессияларда тағы бір пайым жердің тозуы, ауаның ластануы, биоалуандықты сақтау түйткілдері көтерілді. Аталған талаптар табанды орындалуы үшін халықаралық міндеттемелерді мойынға арту керек. Ереже бар жерде елеусіздік азаяды.