Шымкентте тексеру барысында экологиялық заңсыздықтар анықталды
Шымкентте өнеркәсіп нысандарына жүргізілген тексеру барысында бірқатар экологиялық заңсыздық анықталды.
Жалпы 27 кәсіпорын тексеріліп, оның 13-і тұрғындардың ауа сапасына қатысты шағымдары негізінде, жоспардан тыс бақылаудан өткен. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорындарға 80 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар экологиялық талаптарды өрескел бұзған, кейбір өндірістік учаскелердің қызметі уақытша тоқтатылды. Мамандардың мәліметінше, бірқатар нысан экологиялық рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген. Сондай-ақ зиянды шығарындыларды тазарту жүйелерінде ақаулар анықталып, кей кәсіпорындар жаңа цехтар мен жабдықтарды тиісті келісімсіз пайдалануға берген.
Ермахан Қозыбаев, Шымкент қаласы экология департаментінің басшысы:
- Қазіргі таңда екі мекемеге қатысты соттың шешімі шықты. Жалпы қалған мекемелерде мекеме нұсқауларын орындауға уақыттары бар. Егер нұсқама орындалмаған жағдайда біз қайтадан тексеру ашып, 462-бап Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің берілген нұсқаманы орындамау ол бойынша сотқа жолдайтың боламыз.