Таразда жастар Қарахан кесенесін қоқыстан тазалады

Тараздық жастар қала орталығындағы Қарахан кесенесі аумағын тазалады.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен іс-шараға 100-ден  астам қоғамдық ұйым өкілдері, еріктілер қатысты. Тарихи кешен аумағынан 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Жалпы акция аясында Жамбыл облысында ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгінгі күнге дейін өңірде 48 мыңнан астам көшет егіліп, 2,5 мың шақырым көше жолдары тазартылды. Сондай-ақ арық жүйесі мен каналдар ретке келтіріліп, саябақтар аумағы абаттандырылды.

Дархан Қуанышұлы, қалалық жастар ресурстық орталығының өкілі:

- Біз жыл басынан бері елуден астам осында республикалық акцияны жүзеге асырдық. Оның ішінде кездесулер, тазалық акциясы, челлендждер, жастарды тазалыққа үйрететін видеороликтер, тағы да басқа жұмыстарды жүзеге асырған болатынбыз. Дәл сондай жұмыс жылдың аяғына дейін жүзеге аса береді.