Экологияға қатысты құжат Мәжіліске қайтарылды
Сенат Экологияның жекелеген салаларын жетілдіру туралы заңды Мәжіліске қайтарды.
Маңызды құжат қалдықтарды басқару және қайта өңдеу жүйесін жетілдіруді көздейді. Коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау және көму орындарын ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін бекіту де заң нормасында қарастырылған. Алайда жоғары палата депутаттары құжаттағы бір бапты жаңа редакцияда ұсынып, оны төменгі палатаға қайтарды.