Демалыс күндері Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады?
18-20 шілде аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды. РГП «Қазгидромет» мәліметінше, алдағы демалыс күндері еліміздің үш ірі қаласында аптап ыстық сақталады. Кей өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды «24KZ».
Астана
Елордада 18 шілдеде ауа райы құбылмалы бұлтты болады. Жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Түнде ауа температурасы +17…+19 градус, күндіз +34…+36 градусқа дейін көтеріледі.
19 шілдеде күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз +33…+35 градус болады.
20 шілдеде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Күндізгі температура +28…+30 градус шамасында болады.
Алматы
Алматыда 18-20 шілде аралығында жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады.
Түнгі уақытта ауа температурасы +24…+26 градус болса, күндіз аптап ыстық сақталып, ауа +40…+42 градусқа дейін қызады.
Шымкент
Шымкентте демалыс күндері жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады.
18 және 19 шілдеде күндіз ауа температурасы +45…+47 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +25…+29 градус аралығында болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.
20 шілдеде де күн ыстық болады. Термометр бағаны күндіз +41…+43 градусты көрсетеді, түнде ауа температурасы +27…+29 градус шамасында сақталады.
Мамандар аптап ыстық кезінде күн сәулесінің астында ұзақ болмауға, су ішу режимін сақтауға және денсаулыққа мән беруге кеңес береді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз