Аптап ыстық қайта оралды: ауа температурасы +42°С-қа жетеді
Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар ірі қалаларында күн ысып, ауа температурасы жоғарылайды. Кей өңірлерде аптап ыстық 40 градустан асады, деп хабарлайды «24KZ».
Астана қаласында 30 шілдеде күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +19…+21 градус, күндіз +33…+35 градусқа дейін көтеріледі. 31 шілдеде күндізгі температура +34…+36 градус шамасында болады.
1 тамызда елордада күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы +33…+35 градус болады.
Алматыда 30 шілдеде ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +18…+20 градус, күндіз +31…+33 градус күтіледі.
31 шілде мен 1 тамызда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +34…+36 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте аптап ыстық күшейеді. 30 шілдеде ауа температурасы күндіз +38…+40 градусқа жетеді. 31 шілдеде +39…+41 градус, ал 1 тамызда +40…+42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік өңірде желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрге дейін жетіп, кей уақытта екпіні күшеюі ықтимал.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз