Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото: depositphotos.com

Астанада алдағы үш күнде жаңбыр жауып, түнде ауа температурасы нөлден төмендейді. Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталса, Шымкентте күн 24 градусқа дейін жылынады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Астанада 17 қазанда күн құбылмалы болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +10...+12 градус болады.

18 қазанда жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +10...+12 градус шамасында болады.

19 қазанда күннің соңына қарай жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз желдің жылдамдығы 9-14 м/с-қа жетіп, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +2...+4 градус, күндіз +12...+14 градус күтіледі.

Алматыда 17-19 қазан аралығында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. 17 қазанда түнде ауа температурасы +1...+3 градус болады. Топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа +13...+15 градусқа дейін жылынады.

18-19 қазанда түнгі температура +2...+4 градус, күндіз +15...+17 градус болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с шамасында күтіледі.

Шымкентте алдағы үш күнде жауын-шашын болмайды. 17 қазанда түнде ауа температурасы +8...+10 градус, күндіз +22...+24 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

18-19 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі температура +6...+8 градус, күндіз +20...+22 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: