Қар мен жаңбырдан +23°C-қа дейін: ауа райы күрт өзгереді

depositphotos.com

«Қазгидромет» синоптиктері 20–22 қазанға арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын ұсынды. Елордада жаңбыр аралас қар жауып, екпінді жел соғады деп күтілсе, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз күн ашық болады, деп хабарлайды «24KZ».

Астана 

20 қазан: Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метрді құрайды, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 1–3 градус жылы болады.

21 қазан: Көшпелі бұлт сақталады, кей уақыттарда жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді, кей уақытта екпіні секундына 23 метрге жетеді. Түнде температура 1–3 градус жылы болады, күндіз ауа 6–8 градусқа дейін жылынады.

22 қазан: Көшпелі бұлт шығады, кей уақыттарда жаңбыр аралас қар жауады деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Tүнде 1–3 градус жылы, күндіз 4–6 градус жылы болады деп күтілуде.

Алматы

20 қазан: Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 4–6 градус жылы, күндіз 18–20 градус жылы болады.

21 қазан: Жауын-шашын күтілмейді, көшпелі бұлт сақталады. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жел соғады, күндіз екпіні секундына 12 метрге жетеді. Түнде температура 3–5 градус жылыға дейін төмендейді, күндіз 14–16 градус жылы болады деп күтіледі.

22 қазан: Көшпелі бұлт болады, жауын-шашын түспейді. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жел соғады, күндізгі екпіні секундына 12 метрге жетеді. Түнде 3–5 градус жылы, күндіз 15–17 градус жылы болады.

Шымкент

20 қазан: Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8–10 градус жылы, күндіз 21–23 градус жылы болады.

21 қазан: Көшпелі бұлт сақталады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жел соғады. Түнде температура 8–10 градус жылы, күндіз 18–20 градус жылы болады.

22 қазан: Көшпелі бұлт болады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жел соғады. Түнде ауа температурасы 6–8 градусқа дейін  салқындайды, күндіз 18–20 градус болып жылынады.

Сондай-ақ оқыңыз: