Экологияны цифрландыру: Қазақстан еуропалық сарапшылармен бірлесіп жұмыс істейді

ЖИ

Қазақстан мен Еуропалық экономикалық палата экология саласын цифрландырып, жасанды интеллектіні қолдану бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.Бұл туралы Экология министрі Әлібек Қуантыров пен палата комиссары Нельсон Фернандештің кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды «24KZ».

Тараптар кездесу барысында португалдық компанияның цифрлық шешімдері мен инновациялық тәжірибесін экология саласында қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, елімізде орман өрттерін бақылап, тәуекелдерді дер кезінде анықтайтын Республикалық жедел басқару орталығы жұмыс істеп тұрғаны атап өтілді. 

Сонымен қатар Арал өңірінің экожүйесін қалпына келтіру жұмыстарын заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен тиімдірек жүргізу ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы сараптамалық байланысты жалғастырып, нақты жобаларды бірге пысықтауға мүдделі екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз: