Іле Алатауында 40 ілбіс мекендейді
Бүгін - халықаралық ілбіс күні. Елде ілбістердің тіршілігін зерттеу Зоология институтымен бірлесіп жүргізіледі, деп хабарлайды «24KZ».
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, Іле Алатауындағы 50-ден астам фототұзақ оларды табиғи ортада бақылауға мүмкіндік береді.
Ал 2023 жылдан бері парк аумағында төрт ілбіске тағылған спутниктік қарғыбаулар жануарлардың қозғалысы мен маусымдық қоныс ауыстыруы туралы құнды мәліметтер береді.
Комитет атап өткендей, ілбісті сақтау — таулы табиғаттың тұтастығын келер ұрпаққа жеткізуге қосылған үлес.
Оңтүстік Алтайда алғаш рет ілбіске спутниктік қарғыбау тағылып, Ілбіске «Алтай» деген ат берілді.