Аққудан кешірім өтінген мұғалім видео жариялады

Бүгінгі тақырып бойынша көп пікір айтылды, ой қосылды.

Хабарымыздың соңында әлеуметтк желіде тараған мына бір видеоға назар аударайықшы. "Кешірші, аққу, бізді кешірші" деген ақтаулық мұғалім киелі құстардан кешірім сұрап, жан тебірентерлік бейнежазба жариялады. Ол қос қанаттылардың жаппай қырылуына адамдардың қоршаған ортаға жасаған қатігездігі себеп деді. Бейнежариялым авторы химик-биолог Бақытгүл Жақсылықованың айтуынша, тұрғындар айналаны ластап, табиғатқа жанашырлық танытпай отыр. Әлеуметтік желіде жылдам таралған видео көпшіліктің көңілінен шығып, үлкен қолдау тапты.

- Кешірші, аққу, бізді кешірші. Аққулардың міне 600-ден астам, бүгінгі менің көргенімнің өзі 50-ден астам өлген аққуларды көрдім. 9 қантар. Бұның барлығы адамдардың іс-әрекетінің нәтижесі деп ойлаймын.