Су тасқыны. 40 мың текше метр су шығарылды
Атырауда өткен 3 тәулікте жеке үйлердің ауласынан 40 мың текше метр су шығарылды.
Орталық диспетчердің кезекші бөліміне 5 мыңға жуық қоңырау түскен. Толассыз жауған нөсер салдарынан Мирас, Сарықамыс, Балауса, Өркен, Жұлдыз және ескі әуежай шағын аудандарын су басты.
Соңғы төрт күнде 1,5 айлық мөлшердегі ылғал түскен. Қазір барлық күш, облыс орталығын жаңбыр суынан құрғатуға жұмылдырылды. 72 арнайы техника мен жүздеген адам күндіз-түні кезекшілікпен жұмыс атқарып жатыр.
Ғасырбек Төлеген, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Қазіргі ақпарат бойынша 165 жеке сектордың ауласындағы суды сыртқа шығардық және 46 тұрғынның аула ішіндегі көлік тұрағының, жазғы ас үйі мен кіреберіс бөлмелерін құрғатып жатырмыз. Алғашқы кезекте зейнеткелер мен мүгедекетерді бірінші кезекке қойып, сол азаматтардың өтініштерін орындап жатырмыз, қазіргі таңда. Жұмыс тәулік бойы жалғасады.