7 облыста жолдар жабылды

Елдің 7 облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Атап айтқанда, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай және Павлодар аймақтарында жолдар жабылды.

Бұған қоса, дәл осындай жағдай Маңғыстау мен Солтүстік Қазақсан облысында орын алды. Бас-аяғы 14 республикалық маңызы бар жолда көлік қатынасы қиындады.

Шектеу қойылған аумақтың жалпы ұзындығы 679 шақырым. Қазіргі таңда республикалық жолдарға 305 техника мен 357 адам жұмылдырылған.