Сәуір айына арналған ауа райы болжамы
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, елдің оңтүстігі мен шығысында және Арқада нөсер жауады.
Сондай-ақ, оңтүстік аймақта желдің екпіні күшейеді, бұршақ жауу мүмкін. Түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі.
Ардақ Қалменова, «Қазгидромет» РМК ауа райын қысқа мерзімге болжамдар басқармасының басшысы:
- Қатты жаңбыр 09 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 09-11 сәуірде шығыста, 11 сәуірде орталығықта болжанады. Сондай-ақ жел күшейеді, оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ және қатты жел болжанады. Ауа температурасы күндізгі сағаттарда республиканың солтүстігінде 0-8 градус жылы, солтүстік-батыс, шығыста және орталықта 5-15 градус жылы, батыста және оңтүстікте 15-23 градус жылы болады.
Сәуір айының екінші және үшінші онкүндігінде елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында күн жылып, ауа температурасы +25 дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік пен батыс аймақтарда + 27 дейін жетеді. Алайда, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда сынап бағанасы түнде -7 дейін төмендеуі мүмкін.