Қазақстан зәйтүн майын өндіре бастауы мүмкін
Грузия біздің елге зәйтүн көшеттерін жіберді. Еліміз зәйтүн хабын құрып, экспорттаушыға айналмақ.
Грузин мамандары Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы климат зәйтүн өсіруге қолайлы деп сенеді. Былтыр инвесторлар қазақ елінің 3 аймағында зәйтүн көшетін еккен. Бұл жолы көшеттің жаңа партиясы Түркістан мен Маңғыстау облыстарына жеткізілді.
Қазақстандықтар қазан айында өз жерінде өскен зәйтүн жемісін жей бастауы мүмкін. Бұл ағаш 2 жарым мың жылға дейін өмір сүреді. Грузияда 1 млн 200 мыңнан астам зәйтүн өсімдігі бар.
Грузин майы премиум класқа жатады және Грекия, Италия мен Испаниядан кейін әлемдегі үздік төртікке кіреді.
Лия Сихашвили, жұмысшы:
- Біздің шаруашылық 5 гектар аумақты алып жатыр. Осында көшеттерді баптап өсіреміз. Оларға күтім жасау аса қиын емес. Ең бастысы, бәрін ережеге сай істеу қажет.
Грузин мамандары Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы климат зәйтүн өсіруге қолайлы деп сенеді. Былтыр инвесторлар қазақ елінің 3 аймағында зәйтүн көшетін еккен. Бұл жолы Түркістан мен Маңғыстау облыстарына жаңа партия жеткізілді.
Александр Чахнашвили, компания менеджері:
- Қазақстанға өсіп тұрғанына 150 жыл болған ағаштардан алынған – 10 түп, 50 жылдық – 12, 30 жылдық – 15 түп көшет жібердік. Қалған 3 жарым ағашқа 5 жыл ғана болған. Олар биыл өнім береді.
Бейбітшілік символы – зәйтүн сабағын тиеген жүк көлігі Қазақстанда 4 күннен кейін болуы керек. Алдағы уақытта біздің елде зәйтүн өңдейтін зауыт пайдалануға берілмек. Үкімет зәйтүн экспорты үшін қажет халықаралық сертификат алуды жоспарлап отыр.
Ернат Мелсұлы, Юлия Тужилкина, 24.KZ, Грузия