Шымкентте рұқсат етілмеген жерге төгілген қоқыс тазартылды
Шымкентте сенбілік ұйымдастырылып, рұқсат етілмеген жерлерге төгілген күл-қоқыс тазартылды.
Бадам және Қошқар ата өзендерінің түйіскен жеріне қоқыс үйіліп қалған. Полиэтилен пакеттер мен пластмасса заттар өз алдына, тұрғындар құрылыс материалдарының қалдығын тонналап төгіп кеткен. Табиғатты ластаушыларды ұстап, жауапкершілікке тарту қиын -дейді мамандар. Себебі көліктер қараңғыда келеді. Осыған байланысты су айдындарын қорғау белдеуі айналасына бейнебақылау камераларын орнату туралы бастама көтерілді. Дегенмен, жергілікті билік тарапынан қаржылай қолдау керек- дейді экологтар. Соңғы күндері ғарыштан бақылау геопорталы арқылы 10 қоқыс полигоны анықталды.
Ермахан Қозыбаев, қалалық экология департаментінің басшысы:
- Осындай күл-қоқыстар көп тасталатын жерге бейнебақылау камераларын қойсақ деген ұсыныстар айтылған. Мұнда малдың өлексесі бар, кәдімгі күнделікті үйден шығатын тұрмыстық қатты қалдықтар да бар. Оны қалалық полигонға апарып залалсыздандырамыз.